Павлодарлықтар: «Ауладағы құрылысқа қарсымыз!»

Өткен жылы мұнда балалар алаңы орнатылған. Адамдар абаттандыру жұмыстары жалғасады деп ойлаған. Ескі газгольдердің орнына өз жобаларын ұсыныпты.

 

- Менің ойымша ең алдымен жергілікті тұрғындармен ақылдасу қажет. Кейін құрылыс жұмыстарын бастаған дұрыс. Бұқар Жыраудағы 347-үйінің тұрғындары балалар алаңын кеңейтуді сұрайды. Немесе иттерді қыдыратын орын қажет деп санаймыз, - Бұқар Жырау көшесіндегі №347-үйдің тұрғыны Ирина Цветкова.

 

Бір жылдан кейін мұнда жеке кәсіпкер келіп, балаларға арналған дамыту орталығының құрылысын бастады. Адамдар оған қарсылықтарын білдіруде. Айтуларынша, қалада ондай мекемелердің саны жетеді. Орамішілік жер телімді тиіспеуді сұрайды.

 

- Ак. Шөкин 95/1-мекенжайындағы жер телімі уақытша жалға берілді. Онда көпсалалы әкімшілік ғимараттың құрылысы жоспарланған. Павлодар қаласы құрылыс бөлімінің ақпараты бойынша, ғимараттың құрылысына, күтіміне және жобалық құжаттамасы берілген жоқ. Эскиздік жоба да бекітілген емес, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Анықталғандай, бұрын газгольдер орналасқан жер телімі көп жыл бойы уақытша қолданыста болған. Тұрғындар ауладағы әр шаршы метр үшін тұруға дайын екендерін жеткізді. Қазір қол жинап, қала әкімдігіне талап хатын әзірлеуде.