• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодарлықтарда 1,5 миллион теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттарын алу мүкіндігі бар

Павлодарлықтарда 1,5 миллион теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттарын алу мүкіндігі бар

 

 

Олар үш мемлекеттік бағдарлама бойынша жарамды. Яғни ипотеканың бастапқы жарнасына арналған ақша. Алайда оған барлығы бірдей үміттене алмайды. Тізімде азаматтардың жеті категориясы бар. Мемлекеттен сертификат алу үшін үміткерге алдымен банкке бару керек. Қаржы ұйымы тұрғын үй қарызын алуға оң шешім берсе, бастапқы жарна ретінде көрсеткен сомаға үміттене алады. Алайда ол бір жарым миллион теңгеден көп болмауы тиіс. Егер одан көп көрсетсе, жетпеген ақшаны өзі іздеп табуы тиіс.

 

-Азаматтар тұрғын үй сертификатын алу үшін міндетті түрде «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «7-20-25» бағдарламаларына қатысуы қажет,-дейді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Нұргүл Оспанова.

 

Тұрғын үй сертификатына толық емес отбасылар, мүгедек балалары барлар, көпбалалы аналар, І, ІІ топ мүгедектері, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері, медицина, білім, мәдениет спорт және құқық қорғау органдары мамандары, мемлекеттік қызметкерлер үміттене алады. Әкімдікте үміткер міндетті түрде жұмыс істеуі керектігін айтты.

 

-2023 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрады. Біз сертификатты беру үшін адамның отбасылық табысы бір адамға 125 мың теңгеден аспауы тиіс,-дейді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Нұргүл Оспанова.

 

Сертификат тегін беріледі. Ол үшін «Open Pavlodar» фронт кеңсесіне немесе ХҚКО бару керек. Құжаттарды тек қағаз түрінде қабылдайды. Өткен жылы 226 адам 210 миллион теңгеге мемлекеттен қолдау алған.