• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодарлықтардың салық бойынша жалпы 704 миллион теңгеден астам берешегі бар

Павлодарлықтардың салық бойынша жалпы 704 миллион теңгеден астам берешегі бар

Мемлекеттік кірістер қызметінің мамандары мүлік, жер және көлік бойынша салық төлеу мерзімі аяқталуға жақын екендігін еске салуда. Бұл ретте, жауапты мекеме ғимаратында дәстүрлі қабылдау жүргізіліп жатыр.

 

- Салық басқармасының ішінде 12 кісі қабылдап жатыр. Таңертеңнен бастап түскі үзіліссіз жұмыс жасалуда. Залдың ішінде модератор бар. Уақыт бірінші қазанға дейін. Бір жұма ғана қалды. Сондықтан берешек сомаларын тезірек төлеп тастау керек, - дейді Павлодар қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Төлеген Шаймарданов.

 

 

Тұрғындар көбінесе смартфондағы қосымша арқылы салық төлеуді таңдайды екен. Сараптама бойынша халықтың 98%-ы қарыздарын қашықтықтан өтейді. Ал кассаларға келушілер көбінесе зейнеттік жастағылар. Айтуларынша, үйреншікті әдіс ыңғайлы.

 

Павлодарда азаматтардың жалпы қарызы 704 миллион 681 мың теңгені құрайды. Жыл басынан бері 51 миллион теңгеден астам төлем өтелген.

 

Авторы: Дархан Бекишев