Полицейлер алимент пен салықтан жалтарғандарды іздеуде

Әр азамат салық, алимент және айыппұлдарды уақытында төлеуі керек. Алайда кейбір павлодарлықтар бұл туралы ұмытып кетеді немесе пысқырмайды. Ақшаны уақытында төлемегендер автоматты түрде базаға борышкер ретінде енеді. Сәйкесінше, әрекет ету шаралары сан алуан. Ең тиімдісі айыппұл тұрағына көлікті алу керек дейді мамандар.

- Тізімде жазылады ғой, қандай адам, әкімшілік хаттама толтырылады, біздің қызметкерлер күнде оны қарауы керек. Осындай адмды іздеп жүр, осындай мекенжайда тұрады деп, сол адамның көлігін көрсе оны тоқтатып айыппұл салады, кейін қамайды, - дейді Павлодар қаласы ПБ әкімшілік полиция бастығы Болат Тасқарин.

Тәжірибе көрсеткендей, автокөлік айыппұл тұрағына алынғаннан кейін, адам көлікті қайтару үшін тез ақша табады. Дегенмен, әйеліне немесе мемлекетке қарыз адамның көлігін тоқтатқанымен жүргізушісі сақтандыру арқылы басқа болып шығатын жағдайлар да жоқ емес. Айта кетейін, сот шешімі бойынша қасақана төлем жасамағандарды қамауға алуға болады. Бұл бастапқыда бір күн.