Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталады
Қазақстанда 1 маусымда Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталады.
Іріктеу төртінші жыл қатарынан жүргізілуде. Ең бастысы – креативті және дарынды адамдар қажет деп хабарлайды irbistv.kz.
Президенттік жастар кадрлық резервіне өтінім бергісі келетін жас мамандарға бірнеше кезеңнен өтуге тура келеді. Қорытынды кезең қазан айында болады. Орташа есеппен 6-7 мың мемлекеттік қызметкер өтінім берсе соның тек 50-і өте алады.
-Осы жылдың бір ерекшелігі бізде алты бағыт бар, бұл экономика, цифрландыру, агроөнеркәсіп, өндіріс саласы т.б . Әр үміткер өз саласында әңгімелесуден өтеді. Ол сол салаға қызығушылық білдерген азаматтармен ғана жарысқа түседі, - деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Муксимов.
Үміткерлер 35 жасқа дейін болуы керек. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы шарт, мемлекеттік тілді білуі де маңызды. Бастысы креативті ойлай білуі. Резервтергілер тәжірибе көрсеткендей тез мансап құра алады. Бас маманнан бірден вице-министр болу мүмкін. Павлодар облысында насихат жұмыстарына кірісіп кетті.
-Біз ыңғайлы жағдайлар жасаймыз. Дайындалғысы келетін мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан босатамыз. Бастысы ниет пен көңіл күй. Біздің аймақ әрдайым инновациялық жобалар бойынша алда келеді. Сол себепті біз сенеміз, - дейді Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы м.а. Наталья Нефедова.
Іріктеуге қатысушылар тіпті кадрлық резервке кірмесе де аймақ ішіндегі мансабын өсіре алады деп атап өтті Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы м.а.
Бибінұр Хамитқызы
фото: Freepik.com