Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

оқиғалар

Подписаться на этот канал RSS
23 тамыз 2021, 19:15
62
Павлодар облысы білім беру саласы бойынша көшбасшылардың қатарында
Өңірімізде соңғы бірнеше жылда білім беру мекемелерін жаңғыртуға бағытталған қаржыландыру 12 есе артқан. Бүгін аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов тамыз конференциясында осылай деп мәлімдеді.
03 тамыз 2021, 18:44
99
«Біреумен кездескеніңді естісем атамын деген». Павлодарда адам өліміне қатысты істі сотта қарау басталды
Павлодардағы Қамзин көшесіндегі үйдің ауласындағы кісі өліміне қызғаныш себеп болды. Естеріңізге сала кетейін, тұрғындар осы жылдың 15-қаңтарында кешкі уақытта атылған оқтың даусын естіген. Кіреберістің жанында мәйіт табылды. Күдікті сол күні ұсталған. Сот қылмыстық істі қарауға кірісті.
02 тамыз 2021, 17:20
77
Шеніне кір келтірді. Екібастұздық полицейді қызды зорлағаны үшін жұмыстан шығарды
Ол ұсталғанды зорлады деген күдікке ілінген. Естеріңізге сала кетейік, қыздың анасы Екібастұздағы пәтерлердің бірінде тәртіп сақшылары қызын қорлағандығы туралы айтқан еді.
26 шілде 2021, 16:47
93
Ақсу тұрғыны материалдық шығын талап еткен әйелді бөлшектеп тастаған
Бүгін облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тергеу нұсқасын жариялады. Естеріңізге сала кетейін, Галина Губина 2020 жылдың қазан айында хабар ошарсыз кетті. Оны полицейлер мен еріктілер іздеді. Биыл әйелдің денесін көңқордадан тапты.
22 шілде 2021, 15:38
41
Екібастұз қаласының ТҮКШ бөлімі басшысын пара сұрап бопсалағаны үшін алты жылға темір торға қамады
Мускеновты бұл лауазымға 2018 жылдың қараша айында тағайындаған. Жолды жөндеген кәсіпкер ол кезде жұмысын аяқтаған. Бюджеттен 200 млн теңгеден астам алған, енді 39-ын алуы керек болған. Сол үшін күрес басталған. Қаланың бас коммуналшысы бизнесменді алақол мердігер деп тану үшін сотқа берген. Алайда жоғары инстанция арқылы ол ештеме дәлелдей алмаған. Сол кезде тікелей 10 млн теңге сұраған. Кәсіпкер болса бірден ҰҚК жүгініп, тергеу басталып кеткен. Ер адам шенеунікке 8,5 млн теңге берген кезде ТҮКШ бөлімі басшысын ұстады. Сотта ол кінәсін толық мойындамады.
30 маусым 2021, 12:11
47
Атын суарамын деп батып кетті
Маусымның 29-ы кешкі сағат тоғыздар шамасында 2006 жылы туған бозбала суға кеткені туралы хабарлама келіп түкен. Оқыс оқиға Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылынан 5 шақырым жердегі Ащысу өзенінде орын алған. Жігіт сыныптасы екеуі ат үстінде серуендер жүріп, төрт түлікті суармақшы болып атымен бірге өзенге қарай түскен. Нәтижесінде жылқы үстінен құлап, батып кеткен.