Пәтерін заңсыз жалға беретіндерге қандай айыппұл салынады?

Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде айтып өтті деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Мемлекеттік кірістер департаменті пәтерді заңсыз жалға беретіндерді анықтауға қатаң түрде кірісті. Салықтан бас тартқандарға айыппұл қарастырылған. Мамандардың айтуынша, кәсіптерін көлеңкелі жүргізіп жатқан баспана иелері басым. Бұндай бизнес жүргізетіндер ресми тіркелсе, қатты шығындала қоймайды.

 

-Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, арнайы мобильді қосымшаны қолданып, алған табысының 1%-ынәр айдың 25 жұлдызына дейін төлеп отырады,-деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы Миргүл Мажитова.

 

Бірақ, бұл жағдайда жылдық табысы 13 млн теңгеден аспауы тиіс. Түптің түбінде алдағы жылдары барлық азаматтар табысы жайлы декларация тапсыратынын ескерсе, пәтер бизнесін заңдастырмағандар лезде анықталады.

 

- Дара кәсіпкерлік қызметпен айналысқан жағдайлар анықталса, әкімшілік құқық бұзушылықтың кодексімен 15 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген,-деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы Миргүл Мажитова.

 

Тұрғын үйді жалға беретіндердің бұл табысы шағын кәсіпкерлікке жатады. Оларға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал орта және ірі бизнеске 100 АЕК айыппұл қарастырылған Ал егер пәтер иесі мемлекеттік қызметкер немесе әскери адам, жалдамалы жұмыскер болса жылдық табысының 10% көлемінде жеке салық төлеуі тиіс. Ал пәтерін субарендаға ұсынған жағдайда жеке табыс салығын баспана агенттері өтеуге міндетті екен.