Рубль қымбаттап барады

Күні кеше ғана 5 теңге 85 тиын тұрған 1 рубль қазір 6 теңге төңірегінде саудалануда. Мамандар бұған Ресей мен АҚШ басшыларының кездесуі де негіз болғандығын айтып отыр.

 

- Көпшілік Байден мен Путин арасындағы кездесудің валюта бағамына әсерін күтті. Олардың келіссөздері аясында жағымсыз жайттар орын алмай, рубль тұрақты қалпында-5,90-5,91 мөлешерінде сақталды. Сонымен қатар мұнайдың да бағасы қазір рекордты көрсеткішке жетіп отыр. Сәйкесінше, валюта бағамына әсерін тигізуде, - дейді валюталық сарапшы Антон Алегин.

 

Батыс елдерінің санкциялары арқылы экономикаға зиян келмес үшін Ресей доллардан бас тарту жолдарын іздестіруде. Қазір тек теңге емес, АҚШ доллары, еуроға қатысты да рубльдың қымбаттауы байқалуда. Дегенмен, көрші ел валютасының долларға қатысты арзандауы біздің экономикаға қомақты әсер ете қоймайды дейді мамандар.