• Басты бет
  • Экономика
  • Рубль өсімі, теңге мен отандық нарыққа қалай әсер ету мүмкін: сарапшы пікір білдірді

Рубль өсімі, теңге мен отандық нарыққа қалай әсер ету мүмкін: сарапшы пікір білдірді

Соңғы кезде рубль бағамы 7 теңгеден асып кеткен. Ұлттық банктың айтуынша, бұл өсім тек теңгеге қатысты ғана емес, басқа да валюталарға қарағанда нығайды. Бұған екі негізгі фактар ықпал етуде дейді сарапшылар, соның бірі энергия ресурстарына бағаның өсуі, яғни Ресейдің негізгі экспорттық тауарлары мұнай мен газдың құны қымбаттады. Негізгі себеп көршілес елде жүргізетін капитал бойынша шектеулерге байланысты.

 

-Бұл жағдайда ұлттық банк ұстанымы мен Ресей еліне қатысты санкцияларғады бәсеңдеуі немесе күшейтілуіне байланысты. Әзірге ресейліктер арасында рубль жоғары сұранысқа ие, сол себепті бағасы өсіп отыр. Алдағы өсімді болжап айту қиын, барлығы халықаралық ахуалға байланысты,-деді павлодарлық валюта сарапшысы Антон Алегин.

 

Рубль шарықтағандықтан, Қазақстанға азық пен тауар алуға келуші ресейліктер саны артқан. Отандық сарапшылар, жыл соңындағы қорытынды бойынша еліміздегі инфляция 13-15 пайыз деңгейінде болуы мүмкін деген болжамдар жасап отыр.