Салық өсімпұлын кешіру желтоқсанның 31-не дейін жалғасады

- Бұл мүлік, жер және көлік салығы. Сәуірдің 1-не салық бойынша қарызы бар азаматтар жылдың соңына дейін аталмыш жеңілдік түрін қолдана алады, - деді Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының бөлім басшысы Дастан Брыков.

 

Бүгінде салықтық рақымшылық облыстың 33 мың азаматына берілді. Осы санаттағы қарыздың жалпы сомасы 357 миллион теңге. Оның 53 миллионнан астамы  кешірілді. Сондай-ақ  2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау жүйесі енгізіледі. Бірінші кезеңінде мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасысы кірісі мен шығысы жайлы ақпаратты тапсыруға міндетті.