Сарапшылар доллар бағамына қатысты болжам жасады

Қазіргі таңда 1 доллар – 424, рубль – 5,69 теңге шамасында сатылуда. Сарапшылар бұндай өзгерістерді мұнай нарығымен байланыстырады.

 

- Біріншіден, бейсенбі күні мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді. Екіншіден, 1,9 триллион доллар коронавирус індетінен кейін америка экономикасын тұрақтандыруға бөлінген қаражат. Мұның бәрі бүкіл әлемге әсерін тигізді, оның ішінде теңге де, рубль де бар, - деді валюта сарапшысы Антон Алегин.

 

Сарапшылардың болжамына сүйенсек, алдағы аптада доллар бағамы 420-430 теңге шамасында болмақ. Ал көрші елде рубль құлдырауы мүмкін. Ол  Европа мен АҚШ санкцияларына байланысты. Онда бұл өзгерістер бізге де әсер етпей қоймасы анық.