• Басты бет
  • Экономика
  • Саяжай иелеріне мемлекет тарапынан 350 мыңнан 10 миллион теңгеге дейін беріледі

Саяжай иелеріне мемлекет тарапынан 350 мыңнан 10 миллион теңгеге дейін беріледі

Саяжай иелеріне мемлекет тарапынан 350 мыңнан 10 миллион теңгеге дейін беріледі

Павлодар қаласында саяжай учаскелерін мемлекет меншігіне алу жұмыстары жалғасуда. Оның орнынан әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер мен автокөлік жолы салынады. Олардың иелеріне 350 мыңнан 10 миллионға дейін өтемақы беріледі.

«Достық» көпқабатты үйлер кешенін салу мақсатында саяжай учаскелерін сатып алу жұмыстары жалғасуда. Бұл сұрақ қалалық мәслихат сессиясында талқыланды. Бүгінде жалпы сомасы 150 миллион теңгеге 74 меншік иесімен келісімшарт жасалды. Әрбір учаскеге 6-дан 10 миллионға дейін өтемақы төленеді. Бұдан бөлек жеке тұрғын үй құрылысына 24 миллион теңгеге 2 учаске алынды.

- Сондай-ақ сессия отырысында шығыс айналма автокөлік жолын салу барысы да талқыланды. Қазір 62 саяжайдың иесімен келісім бар. Бұл «Северный» және «Надежда» бағбаншылықтары. Меншік иелеріне 350 мыңнан 500 мың теңгеге дейін төленеді. Қазіргі таңда 1 миллион 567 мың теңгеге тағы үш келісімшарт жасалды, - дейді Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуандық Жәмінов.

Жер қатынастары бөлімінде жұмыстар 2021 жылдың соңында толық аяқталады деп мәлімдеді. Сонымен қатар қалалық мәслихат сессиясында қосымша іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында 767 мың теңге қарастырылған. Ол көбінде білім, әлеуметтік бағдарламалар мен тұрғын үй шаруашылығы бөлімдері. Жалпы 2020 жылға нақтыланған қалалық бюджет көлемі 127 миллионды құрады.