ШОБ субъектілері төлемдерден босатылған

Дегенмен жұмыс берушілер қызметкерлердің тізімін электронды түрде ай сайын 25-ші күннен кеш қалдырмай ұсынып отыруға тиіс.

 

- Үкіметтің қаулысы бойынша ШОБ субъектілері 29 категориясы бойынша төлемерден босатылған. Павлодар облысында 18 мыңнан астам нысан жылдың соңына дейін төлемдерден босатылды. Қазір олар медициналық көмекті толықтай ала алады. Бірақ соның ішінде 8140 әлі күнге дейін қызметкерлердің тізімін анықтамаған. Біздің өтінішіміз сол тізімді біздің қордың базасына енгізіп, оларға толық медициналық көмек алуды беру керек, - деді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Павлодар филиалының директоры Нұрлан Касимов.

 

Сондай-ақ  шетелдік жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер оқу мерзімінің соңына дейін сақтандырылады. Бұндай шешімді ҚР Білім және ғылым министрлігі қабылдады.  Бұған дейін олар уақытша мәртебені «Қолдау 24/7» мобильді қосымшасына жіберу арқылы алып отырған. Ол үшін egov.kz порталында қызметтер өтінішін толтырып, ЭЦҚ қою керек. Ақпарат өңделген соң студент сақтандыру жөніндегі мәртебесі туралы ескерту алады. Қала тұрғындары барлық сұрақтар бойынша 704 124 нөмеріне хабарласа алады.