Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау оның бағасына тікелей әсер етеді

Бұл жағдай әсіресе сүт өндірушілерді алаңдатып отыр. Цифрлық экономиканы дамыту орталығында сүт өнімдерінің қымбаттауына аталмыш жаңашылдықтың елеулі әсері жоқ екендігін алға тартты. Баға өсімінің даму динамикасы онсыз да байқалуда.

 

- Соңғы 5 жылда таңбалаусыз сүт өнімдері құнының орташа жылдық өсу қарқыны 6-дан 13% – ға дейін болды. Бұл тұрақты өсу үрдісін айқындайды, ал тауарларды таңбалау мен қадағалауды енгізу сүт өнімдерінің түпкілікті құнына айтарлықтай әсер етпейді, - дейді цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры Нұржан Баекеев.

 

Құрылғы сатып алуға кететін қаражат, бағдарламалық қамсыздандыру, таңбалауға қажет материалдар мен жұмыс күшіне төленетін еңбекақы және өзге де шығындарды өтеу қажеттіліктері пайда болады. Нарықтағы жаңашылдық салдарынан өнімнің өзіндік құны 30%-ға дейін көтерілуі әбден мүмкін. Бастапқы күйде бағасы өскен тауардың тұтынушыға жеткенге дейінгі құны тіптен шарықтайды. Шамамен 40-50 процент қосылады. Айту керек, 1 қарашадан бастап аяқ киім тауарларына да таңбалау енгізу жоспарлануда.

 

Авторы: Дархан Бекишев