Сүттің литрі 100 теңге

Павлодар ауданының бірнеше ауылы бүгін сүттің сатып алу бағасы неге түсіп кеткенін анықтау үшін жиналды. Адамдардың айтуынша 2020 жылдың тамыз айынан бастап сүттің литрі үшін оларға 160 теңге төлеген. Ал осы аптаның басынан тек 100-ден әкетететін болған. Адамдар ашулы. Ауылда онсыз да жұмыс жоқ дейді. Сол себепті көбісі үшін бұл - жалғыз табыс көзі.

 

- Тым болмаса 20 теңгеге арзандаса екен. Мәселен 140, 145 теңге. Көбісі осында бізден сатып алады. Мал басын көбейтіп пайда табамыз дегенбіз. 7 ай бойы 165 болды. Ал бүгін 100 теңге. Ауыл тұрғындарын сүттің бағасы күрт арзандап кеткені әрине ашуландырады. Неге біздің еңбегіміз мүлдем бағаланбайды, - деді Луганск ауылының тұрғыны Салтанат Тезекбаева.

  

Ержан Жұмабаевтың ауыл шаруашылығымен айналысқанына көп болған. Қазір 20 сиыр сауып отыр. Оны күтіп баптауға шамамен 20 мың теңге кетеді. Ал сүттің литрін жүз теңгеден сатып, бар болғаны 15 000 пайда көреді. Бүгін ауылдықтар шығынға батып жұмыс істемейміз деп бекініп отыр. 

 

- Сүт тапсырмаймыз деп отырмыз. Зауыт бізге бұрынғы бағаны қайтарып бергенін қалаймыз. Себебі біздің ақ сүтімізден судың литрі қымбат тұрады. Өріс те арзан емес.  Сондықтан бұл бағамен біздің шығынға ұшырайтынымыз анық. Ал пайда әкелмесе, малымызды соямыз. Ал сойсақ, күнкөріс көзінсіз қаларымыз хақ. Біздің жалғыз табыс көзіміз сүт ғана, - деді Богдановка ауылының тұрғыны Людмила Кузьмина.

 

2020 жылдың тамызына дейін адамдардан сүтті литріне 78 теңгеден алып келген. Ауылдықтардың айтуынша сол кезде округте бірнеше сүт қабылдаушы пайда болып бәсекелестіктің арқасында баға өскен. Енді адамдар сатып алушылар өзара келісіп алған деп санайды.

 

- Бәсекелестік артты. Яғни, кезек-кезек жоғары баға бере бастады. Үш күннің ішінде 78 ден 160-қа дейін бір-ақ шықты. Баға осы уақытқа дейін сақталды. Қазір сүт қабылдаушылардың бірі кетіп жатыр. Бәсекелестік жоқ. Өндірушілердің бәрі бірге бәсекелеспеу үшін  сүттің бір бағасын белгіледі, - деді Луганск ауылдық округінің әкімі Вадим Щеглов.

 

Бұл ретте ауыл шаруашылығы басқармасы алаңдауға негіз жоқ екенін және мұның себебі басқада екенін мәлімдеді. Бір литр сүттің 100 теңге болуы сатып алу бағағасының ортақ көрсеткіші. Ал Луганск ауылдық округі тек экспериментке тап болыпты.

 

- Екі ауылдық округте, яғни Успен ауданындағы Равнополь ауылдық округінде және Павлодар ауданындағы Луганск ауылдық округінде эксперимент түрінде жасалған. Халықтан сатып алу бағасын 160 теңгеге көтердік. Адамдар оларға сапалы және үлкен көлемде сүт тапсыруы үшін олар осы арқылы қызығушылықты арттырғысы келді, - деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Төлеген Көшербаев.

 

Бірақ сүт өңдеушілер нәтижеге қол жеткізе алмады және бұрынғы бағаларға оралды, - дейді ауыл шаруашылығы ведомствосында. Өнім үшін қаражат алудың жалғыз жолы - кооперативке қосылу. Сонда адамдарға мемлекеттен субсидия береді. Бұл дегеніміз - литрі 20 теңгеге артады.