Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Вакцинация мен «Ashyq» жобас арқылы жұмыс істеу ең дұрыс шешім

Экономика

28
Карантиндік талаптардың күшейтілуі енді ғана есін жиып келе жатқан бизнес нысандарының жұмысында қайта қиындық туғызуда. Сол себепті кәсіпкерлер палатасы эпидахуалға байланысты жеңілдік жасау алгоритмдерін ұсынды.

- Эпиджағдайдың нашарлауына байланысты өңірлік кәсіпкерлік палатасы бизнес нысандарының карантиндік шектеу кезінде жұмыс істеу талаптарын ұсынды. Бұл ретте, екпе алу көрсеткішін арттыру мақсатында, кәсіпорын қызметкерлерінің 50%-ы вакцинациядан өтсе және «Ashyq» жобасына қатысса, оларға  шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Тек «Ashyq» жобасына ат салысып, жоспар бойынша екпеден өтіп жатқандарға  эпиджағдайға қатысты осы уақытқа дейінгі талаптар бойынша қызмет жасауға рұқсат етіледі, - деп мәлімдеді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

 

Екпеден өткен азаматтар үшін дәмханалар мен өзге сауда нүктелерінде ешқандай шектеу қоймау бүкіләлемдік тәжірибеде, көршілес Ресейде де көрініс табуда. Оған қоса, «Ashyq» жобасы да індетке шалдыққандардың қозғалысын шектеуге мүмкіндік береді. Сол себепті аталмыш бастама көпшілікте қолдау табары анық.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()