Халық-Life жаңа бағдарлама Bilim-Life- ті таныстырды

Іскерлік кездесуде бос орын жоқ, барлығы халық арасында танымал болған жаңа өнімге қызығушылық танытуда. "Bilim-Life" бағдарламасы қолжетімді жұмыс істейді. Оқушының болашақ білімі туралы ойланатын ата-ана баланың жасын ескере отырып, жинақтаушы бағдарламаның мерзімін және өзіне ыңғайлы сақтандыру ақыларының сомасын таңдайды. Бұл ретте олардың "Bilim-Life" бойынша мөлшері айына ең аз дегенде 3 АЕК-тен басталады, бірақ, төлем бойынша еш шектеу жоқ. Үлкен мөлшерде де енгізу мүмкіндігі бар.

 

- Бүгін мен балаларды тәрбиелеп отырған, болашақта лайықты білім алуын ойлайтын барлық ата-аналарға жүгінгім келеді. Біздің компания "Bilim-Life" бағдарламасы бойынша мемлекеттік лицензияға ие. Осымен біз Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген "Келешек" бағдарламасының қатысушыларымыз + Біздің бағдарламаларымыз сіздің балаңыздың әлемнің кез келген ЖОО-да лайықты білім алуына қаражат жинауға мүмкіндік береді,-деді «Халык-Life» АҚ филиалының директоры Айман Қуанышбекова.

 

Жиналғандардың арасында Любовь Бережная да бар. Ол «Bilim-Life» ата-аналар үшін мүмкіндігі жоғары жоба екенін атап өтті.

 

-"Bilim-Life" баланың білім алуына тиімді. Қазір бұл өте өзекті, балалар төлемі жоғары мамандықтарды таңдайды, және көбінесе шет елден. "Bilim-Life" арқылы әрбір ата-ана бұған алаңдамаса болады,-деді Любовь Бережная.

 

"Bilim-Life" сақтандыру шартының бүкіл қолданылу мерзіміне, жоғары кепілдендірілген кіріс мөлшерлемесіне және мемлекеттен сыйлықақыға ие. Сондай-ақ, егер бала білім беру грантын алса, сақтандыру компаниясынан және мемлекет сыйлықақысынан инвестициялық табысы бар жинақтарды шешіп алуға немесе басқа балаға сақтандыруды қайта ресімдеуге болады.