Жасыбайда демалу қолжетімді

«Бір адамға 8 мың теңгеге бөлмелер бар. Мәселен, 120 мың тг жалақысы бар отбасы 3-4 күнге келсе, бір күнге 24 мыңға үй жалдай алады. Оны 3 күнге көбейтсек, нәтижесінде 72 мың теңге, - дейді Баянауыл ауданының әкімі  Қанат Кәрімов. 

 

 

Егер жайлылығы жоғары бөлме немесе үй жалдағыңыз келсе олардың бағасы жүзден үш жүз мың теңгеге дейін. Айта кету керек, жағажайда демалушылардың әлеуметтік арақашықтықты сақтауы туралы жиі ескертеді. Айтуларынша, әзірге ереже бұзушылық анықталмаған.  Сонымен бірге Баянауыл ауданының әкімі дауға айналға аэродром жайлы да айтты.

 

«Нысан қазір сенімгерлік басқаруға берілді. Ол жерде кіші авиация ұшқыштарын дайындауға арналған оқу-жаттығу орталығы болады. Ол классификациялық емес аэродром болады. Онда әзірге чартерлік рейстерді қабылдайды. Авиациялық оқу-жаттығу орталығы болашақта 18-22 адамнан тұратын күнделікті жолаушылар рейстерін жүзеге асырады, - дейді Баянауыл ауданының әкімі  Қанат Кәрімов. 

 

 

Дегенмен де болашақта елордамен әуе қатынасын жолға қоюды жоспарлауда. Биыл Баянауыл ауданы 28 мыңнан астам туристті қабылдап үлгерген. Маусым аяқталғанша 100-150 демалушы келеді деп жоспарлауда.