Жаңа ғана зейнетке шыққандар БЖЗҚ-дағы ақшаның 50% пайдалана алады

Зейнетақы қорындағы қаражатты заңмен бектіліген мақсатқа пайдалануға рұқсат берілгелі Павлодар облысы бойынша 26 мың электронды өтініш келіп түскен. Бұл тарапта сұраныстардың басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған дейді мамандар.

 

- Сол электронды өтініш бойынша біздің Павлодар облысының тұрғындары, салымшыларымыз өз арнайы шоттарына 39 миллиардтан астам теңге аударды. Әрине осы барлық қаражаттың ішінде 1,2 миллиард теңге бұл медициналық қызметтерге арналған өтініштер болған, - дейді «БЖЗҚ» АҚ ПОФ директорының орынбасары Нұржамал Дүйсембаева.

 

Одан бөлек салымшылар ақшаның бір бөлігін инвесткомпанияларға бере алады. Аймағымызда мұндай 58 өтініш қарастырылып, 48 миллион теңге басқа қаржы ұймдарына аудару құқығына ие болды. Сондай-ақ зейнетке шыққан адамдардың өз қаражаттарын осы мақсаттарға пайдалануға құқығы бар дейді қор өкілдері. 

 

- Заң бойынша әрине егер де бір бөлігін аламын десе салымшы аталған үш мақсатын растау керек. Заң бойынша кім алады деп белгіленген салымшыларымыз бар. Біріншіден, зейнет жасқа толған кезінде біздің зейнеткерлеріміз қалған барлық қаражатының 50% осы үш мақсатқа пайдалана алады, - деп атап өтті Нұржамал Дүйсембаева.  

 

Сондай-ақ кей жағдайда өтініштерді кейін қатаруға тура келіп жатады екен. Олар көбінесе соманы дұрыс көрсетпеу, міндетті бағандарды қате толтыру және адамдар біріншінің жауабын күтпей жатып, сол күні тағы екінші рет сұраныс беріп кедергі келтіреді дейді мамандар.

 

 

Авторы: Роза Жомартқызы.