Жергілікті экологтер 21 миллион теңгеге айыппұл салды

- Дәл қазір қалдықтың көлемі 104,5 шарты метр екенін айта аламын. Қоршаған ортаға келтірілген зиян көлемі алдын ала мәлімет бойынша 34,8 миллион тенгені құрайды. Материалдар полиция департаментінде. Олар істі жүргізіп жатыр, - деді Павлодар облысы экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Исжанов.

 

Кінәлілер әзірге табылмады. Жердің құнарлы қабатын қайта қалыпқа келтіру де анықталмады. Бұл ретте, Ертістің сол жақ жағалауында жұмыс жасамақ болған жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылды. Ол су көлігі арқылы қиыршық тас тасымақ болған. Экология департаменті бизнес-жобаның жұмыс жасамайтынын мәлімдеді.

 

- Қоршаған ортаға қаншалықты залал келгенін анықтау қажет. Ненің құртылғанын білу керек. Кейін қайта қалыпқа келтіруге кіріседі. Егер топырақ зиянды болса ол алынып тасталады, ал зиян жоқ болса ол жерлерге көшеттер, ағаштар отырғызылады. Бұл қайта қалыпқа келтіру шараларына кіреді, - деп атап өтті Дархан Исжанов.

 

Топырақты тексеру экологиялық кодексті бұзған жеке кәсіпкер есебінен жүреді. Жыл басынан бері бейінді департамент 34 тексеріс жүргізген. 30-дан астамына жалпы 21 миллион теңге көлемінде айыппұл жазылса, 2,6 миллиард теңгеге ұйғарым берген.