Жылу мен электр құны өсті ме?

Қала тұрғындары желтоқсан айында жылуға төленетін ақының қымбаттағанын байқаған. Айтуларынша өткен айға қарағанда 2 есе көп келген. Ал комитеттің ақпараты бойынша тарифтер былтырғы деңгейде сақталады. Бағаның өсуіне бірнеше факторлар әсер еткен.

 

- Біріншіден ауа температурасы өзгерді. Қарашада 4 градус болса, желтоқсанда ол 14-тен асты. Екіншіден ауқымды апат орын алды. Қызмет көрсетуші ұйым қарашада 28 күн, ал келесі айда 31 күнді есептеді. Осындай факторлар бойынша тұтынушылар қаңтарда көбірек төледі, - деді Павлодар облысы бойынша ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінің жетекшісі Тимур Әмірханов.

 

Ал электроэнергия бойынша жағдай тұрақты. Қызмет көрсетуші ұйым тарифті өзгертуге қайтадан өтінім бермеген. Яғни 2021 жылы барлық коммуналды қызметтер үшін тарифтер сол қалпында қалады. Аталған фактілер бойынша департамент жылумен жабдықтаушы ұйыммен бірігіп тексеріс жұмыстарын жалғастырады.