«Адамдар қымбат болса да орнатады»

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше өңірімізде ауа баптағыштың құны 5,8%-ға өскен. Қала тұрғындарының көбісі кондиционер тіс батпайтын дүние десе, екіншілері қымбат баға көнуге тұрарлық екендігін алға тартты. 

 

 

- Адамдар қымбат болса да орнатады. Себебі күн ыстықта рақат, - деді павлодар тұрғыны.

 

- Сатушылар сұраныстың жоғары екендігін пайдаланып, бағасын арттырады. Бұлай жасау негізі дұрыс емес қой, - деді тағы бір павлодарлық.

 

Ең арзан кондиционерді 40-50 мың баға аралығында таңдап алуға болады екен. Орташа құны 70-80 мың теңгені құрайды. Техниканы үйге орнату үшін арнайы мамандарды шақырту қажет. Олардың қызметі 10-15 мың теңгеден басталады.