• Басты бет
  • Экономика
  • «Даму» Қорының Павлодар өңірлік филиалы 25 жыл ішінде 8,5 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетті

«Даму» Қорының Павлодар өңірлік филиалы 25 жыл ішінде 8,5 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетті

 

 

Жалпы сомасы 558 миллиард теңгеден жоғары. Кәсіпкерлерге мемлекет тараптынан көрсетілген көмектің арқасында бүгінгі таңда елімізде аталмыш сала белсенді дамып келеді.

 

«Даму» Қорының қолдауына ие болған павлодарлық компаниялардың қатарында «iStudy білім беру-ойын-сауық орталығы» және «BABY MALL PVL» сияқты ұйымдар бар. Бұл кәсіпорындар мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді дер кезінде жүзеге асырды. Сәйкесінше, жеңілдетілген несиелеу, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, қарызға кепілдік беру сынды көмектер қарастырылған. Бұл ретте, аталмыш ұсынылымдар «Даму» Қорының қолдау көрсетудегі үш негізгі құралы болып саналады.

 

- Біздің облыстың кәсіпкерлері мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланады. Ағымдағы жылы субсидиялау бойынша 590 шартқа қол қойылды, жалпы сомасы 66 миллиард теңгені құрайды, ал кепілдік беру құралы бойынша бізде 520-дан астам жоба мақұлданды, жалпы несие сомасы 13 миллиард теңгеден астам, бұл ретте кепілдік сомасы 7 миллиард теңгені құрайды,-дейді «Даму» қорының өңірлік филиалы директорының орынбасары Айгүл Алибекова.

 

«iStudy білім беру-ойын-сауық орталығы» - бұл білім беру қызметтерін ұсынатын компания. Мұнда қазақ, ағылшын тілдерін үйретеді, оқушыларды ҰБТ тапсыруға және лицейлерге, гимназияларға, әлемнің жоғары оқу орындарына түсуге дайындайды, сонымен қатар IELTS тапсыруға да көмектеседі. «Кәсіпкерлерді қолдаудың ұлттық бағдарламасы» арқасында Ержан Төлегенов ғимаратынесиеге сатып алды.

 

- Біз 6%-дық үстемемен төлейміз, қалған 13%-ын «Даму» Қоры жабады, сонымен қатар бізге кепілдік құны жетіспеді және «Даму» өз кепілдіктерімен қамтамасыз етті,-деді «iStudy білім беру-ойын-сауық орталығы» ЖШС тең құрылтайшысы Ержан Төлеген.

 

Кәсіпкер ғимаратты 6%-дық үстемемен несиеге рәсімдеген, қалған 13-ін «Даму» Қоры субсидиялады. Сонымен қатар, кепіл құны жетіспеді, сондықтан Қор кепілдікпен қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда компанияның үш филиалы және 650 оқушысы бар. Осы орайда, Татьяна Кайль да мемлекеттік қолдау алғандардың қатарынан. Ол биыл өзінің киім желісін - «КаilCollection» өндірісін бастады.

 

-Біз әйелдер киімін тігеміз. «Даму» Қоры бізге субсидияланған несиелеу түрінде қолдау көрсетті, үшінші ай жұмыс істеп жатырмыз, жаңа нәрсе алғымыз келді, әрі қарай жалғастырамыз, енді бізде дүкен бар,-кәсіпкер Татьяна Кайль.

Татьяна Кайлькәсіпкерлікпен 2018 жылы айналыса бастаған. Оның «BABY MALL PVL» компаниясы балалар төсек-орындарын, жиектерді, комбинезондарды, перзентханадан шығарылатын конверттерді өндірумен айналысады. Айта кету керек, екі кәсіпкер де «Даму» Қорымен ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр.