«Достық» мөлтекауданындағы үйлердің қашан тапсырылатыны белгісіз

«Пәтерлерді пайдалануға беру үшін бірқатар рәсімдерді жүзеге асыру керек. Бұл үйлерге мекенжай беру, барлық пәтерлерді мәліметтер базасына енгізу. Павлодар қаласы әкімдігі көп пәтерлі тұрғын үй кешенін құрылыс бөлімі балансынан қаржы бөлімі меншігіне беру, тапсыру, қабылдау актісін халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тіркеу жүргізіледі – деп хабарлады  Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.  

 

Айта кету керек, қалалық әкімдікте шамамен бір ай бұрын да осы жауапты айтқан еді. Енді «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша баспана алғысы келетін адамдар үшін бұл үйлердің  қашан тапсырылатыны әзірге белгісіз.