«Дүкен сөрелерінде күнбағыс майы 635 теңгеден қолжетімді»

Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнідмерінің орташа баға индексі 107,5% болса, Павлодар қаласында бұл көрсеткіш біраз төмендеу 107%. Бұл ретте, редакциямызға тұрғындардан күнбағыс майының удай бағасына жиі пікірлер келіп түсуде. Жауапты мекеме қазметкерлері аталмыш өнімнің әлдеқайда арзан баламасы бар екендігін жеткізді.

 

- Күнбағыс майы бағасын қадағалау  мақсатында тұрақтаныдыру қорына алдын ала сатып алынды. Ол жерден шығатын өнім бағасы 604 теңгеден аспауы тиіс. Дүкен сөрелерінде ол 635 теңгеден қолжетімді. Тұрақтандыру қорымен келісімі бар өңіріміздің 173 дүкендерінде күнбағыс осы бағамен өткізілуде, - дейді Павлодар облысы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Даулен Қабдушев.  

 

 

Тұрғындарды еркеше мазалайтын картоп күрт өсімі де сөз болды. Аталмыш үрдіс тек Павлодарда ғана емес, көршілес Ресей мен өзге өңірлерге де тән құбылыс дейді кәсіпкерлік басқармасында. Тұрақтылық қорындағы картоптың биологиялық сақтау мерзімі аяқталғандықтан, ол жердегі өнім саудаланбайды.

 

- 400 теңге деген бағалар кездесуі мүмкін. Баға өнімді жеткізушіге қатысты. Қазір өзге өңірлер мен шекаралардан картоп әкелуде. Десе, бізде Гагарин ауылының картоптары 230 теңгеден саудалануда, сонымен қатар супермаркет өкілдерімін келсім жасасып, олар картопты 106 теңгеден өткізуде, - дейді Даулен Қабдушев.

 

Шілде айында жергілікті картоптың биылғы өнімдері дүкен сөрелеріне жеткізіліп, сол кезде баға төмендейді деп жоспарлануда.