«ERG Service» үздік пісіруші кәсіби шеберлік байқауын өткізді

«ERG Service» үздік пісіруші кәсіби шеберлік байқауын өткізді

 

Дәнекерлеу ісінде жеңіске жету үшін Павлодар өңірінің ERG кәсіпорындары ұсынған 23 қатысушысы өзара күрес жүргізді. Олар теориялық және практикалық дағдыларын іс жүзінде көрсетті.

 

Үздік пісіруші байқауына келген 23 үміткер 2 топқа бөлінді. Сайыскерлер бір бөлігі құбырларды аралас әдіспен аргондоғалы және электродты дәнекерлеумен пісірсе, өзгелері пластиналарды механикалық жартылай автоматты дәнекерлеу бойынша тігістерінің көлденең және тік күйінде жасады.

 

- Бұл жерде дәнекердің сапасы жіті бағаланады. Қазылар ең әуелі сырттай, кейін ультрадыбыстық бақылаудан өткізеді. Сонымен қатар, қатысушылар уақытқа жұмыс жасайды. Белгіленген нормадан асып кетсе ұпай алынып тасталады,-Олег Хитров «ERG-Servise» ЖШС техникалық бақылау және сынақ зертханасы бөлімінің бастығы.

 

Байқау тапсырмалары мұндағы мамандардың күнделікті қызметі. Бұл ретте, «ERG Service» шеберлері заманауи дәнекерлеу құрылғыларымен жұмыс жасады. Оны байқау серіктестері «Welding Group» компаниясы ұсынды.

 

-«ERG-Servise» кәсіпорындарында қауіпсіздік шаралары әрқашан басты назарда. Себебі, зауыттардағы өндіріс факторлары, әлбетте, қауіпті, сол себептен қауіпсіздікке қатты көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда барлық пісірушілер жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталған. Ал біздің тарапымыздан үздіктерге заманауи маскалар табысталады,-дейді Сергей Матвиенко «Welding Group» консорциумының инженерлік-техникалық бөлімінің басшысы.

 

Сайыс қортындысы бойынша «Аралас әдіспен аргондоғалы және электродты дәнекерлеу» номинациясында Сергей Педер үздік атанса, «Механикалық жартылай автоматты дәнекерлеуде» Владимир Наумчук алдына жан салмады. Жеңімпаздар ең бастысы сапаға ден қойғандарын айтты.

 

- Мен «Машина жасау зауытында» жұмыс жасаймын. Басшылыққа осындай мүмкіндік бергеніне алғысым шексіз. Қобалжу болды, тапсырманы барынша сапалы жасауға тырыстым,-деп жеткізді «ERG-Servise» ЖШС пісірушісі Владимир Наумчук.

 

Жүлдегерлерге байқау серіктестері ұсынған заманауи құбылмалы бетперделер, ал барлық қатысушыларға дәнекерлеуде қолданатын арнайы қорғаныш құрылдары табысталды. Айту керек, «ERG-Servise» ЖШС кәсіпорын мамандарына әрқашан қолдау көрсетеді. Сол себептен аталмыш шараны өткізу дәстүрге айналмақ.