«Еңбек» бағдарламасы не береді?

Биыл облыстық орталықтың ауылдық аймақтарын шағын несиелендіруге 41,7 миллион теңге бөлінген. Аталған сома игерілді. Облыс орталығына 415 миллион қарастырылған. Оның 147-сін берген, тағы бірнеше жоба қарастырылуда. 100 миллион теңгеден астам қаражат қалған.

 

- Жұмыссыздар, өзін-өзі қамтығандар, өз ісін бастаған және қазіргі кәсіпкерлер. Бұл орта және ірі бизнес субъектілерінен бөлек. Шағын несиені өз ісін жаңадан бастауға, сонымен қатар кеңейтуғе ала алады. Зейнеткерлер бұл бағдарламаға қатыса алмайды, - деді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузьменкова.

 

Биыл Павлодар облысында «Еңбек» бағдарламасын ауыл шаруашылығын қолдау қаржы қоры арқылы жүзеге асыруда. Екінші деңгейдегі банктердің қатысуынсыз. Қала тұрғындары үшін кредиттің максималды сомасы – 12 миллион теңгеге дейін. Ауылдықтарға 2,5 АЕК, яғни 6,9 миллион. Жылына 6 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Көпбалалы және аз қамтамасыз етілгендерге 4 пайызбен. Бизнес-жоспар, кепілдік мүлік барлық қатысушылар үшін міндетті шарт.

 

- Қаржылай қолдау қорына жүгінеді. Ол Павлодар қаласы Луговой көшесі, 16 мекенжайында 4-қабатта орналасқан. Ал шағын несиелеуге жолдама алуға «Жұмыспен қамту орталығына» жүгінеді. Ол Бектұров көшесі, 115Б мекенжайында. Айналым қаражатын толтыруға, кеңейтуге бірден ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына жүгінеді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузьменкова.

 

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін және мал шаруашылығын дамытуға 7 жыл мерзіміне береді. Қызмет көрсету саласында бизнеске 5 жылға дейін.