«Halyq Life» - өмірлік депозит

 

 

«Halyq Life»компаниясы 2005 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Осы уақыт аралығында Қазақстан бойынша 400 мыңға жуық клиенті бар. Компанияның басты мақсаты әрбір қазақстандықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Осы орайда ұйымдастырылған қалалық семинар барысында сақтандыру бағдарламасы жайлы айтылды. Бұл ретте, банк депозиттерінен айырмашылығы да айтарлықтай жоғары.

 

- Банктің депозитімен салыстырғанда біраз айырмашылықтары бар. Бір минималдық сомманы сала отырып, бірнеше жылдан кейін немесе ер азамат отбасын асырайтын, немесе әйел азамат маңызды емес, өмірден өтетін болса, онда сомманы бірнеше еселеп алады. Яғни, депозиттен басты айырмашылығы сол, соны біз қазақ халқына жеткізуіміз керек, яғни, өмірді сақтандыру ол ең үлкен былай портфель десек болады,-дейді «Halyq Life»компаниясының аймақтық директоры Ернар Садықов.

 

- Жақында біздің компанияда Bilm live мемлекеттік білім беру жинақтаушы сақтандыру деп аталатын жаңа бағдарлама басталды. Бұл мемлекет қаржыландыратын бірінші бағдарлама. Яғни, ата-ана ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта, жылына бір рет баласының білім алуына жинай алады. Ең бастысы, баланың ата-анасы тәулігіне 24 сағат қорғалған,-дейді «Halyq Life» филиалының директоры Айман Қуанышбекова.

 

Компанияның өмірді сақтандыру бойынша бірнеше бағдарламасы бар. Әр адам өз қалауына орай бірнешеуін аша алады. Минимальды қаражат мөлшері 10 мың теңгені құрайды. Неғұрлым көп болған сайын, жинақ соммасы да соғұрлым көбейеді. Бұл ретте, балаға бөлінетін «Болашақ» бағдарламасында ата-ана ақшаны жинайды. Олар дүниеден өткен жағдайда жиналған қаражатты 15 күн ішінде тек баласы ғана ала алады, ал үшінші тұлғаның бұған еш құқығы жоқ, яғни, бұл соммаға қол жеткізе алмайды.

 

- «Halyq Life»-қа бірінші кезекте мен өзім қаржылай сауатты болу үшін келдім. Өйткені бұл қаржылық қызметтер нарығындағы көшбасшы. Ақшамен дұрыс қарым-қатынасты үйрете алады,-дейді «Halyq Life» ӨСК өмірді жинақтаушы сақтандыруды дамыту жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы

 

Өмірді сақтандыру – қаржылық сауаттылықтың негізі, бұл бүкіләлемдік тәжірибе. Осы орайда Павлодар қаласындағы семинар барысында жиналғандар өздерінің түрлі сұрақтарына жауап алды.