«Көкөністердің қымбаттауы бұл нарықтық экономика талабы»
Дүкен сөрелеріндегі картоптың бағасы 400 теңгеге дейін жетеді. Шенеуніктердің айтуынша бұл маусымдық нарықтық экономика. Бүгінде оңтүстіктен биылғы картопты 300 теңгеден әкелуде. Ал жергілікті өнімнің келісін 220 теңгеден алуға болады. Бұл көтерме бағасы.
- Бөліммен біз күнделікті мониторинг жасаған кезде мыннан 260-тан алып, өздеріне әкеліп 400-500-ден сатпау үшін мониторинг жасаймыз. 15-20 үстем қосып сату ғана рұқсат етілген. Одан жоғары болса біз кәсіпкерлермен жұмыс жасаймыз, - деді Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Абдрахманов.
Әкімдіктегілердің айтуынша мұндай бағалар өнімнің тапшылығынан туындаған. 2020 жылғы қор аяқталуда. Ал 1-2 аптада көкөністі оңтүстіктен жеткізеді деген жоспар бар. Сол кезде сұраныс азайып, баға тұрақталады дейді. Сондай-ақ көтерме сауда орындарында сәбізді 300-340 теңгеден сатып алуға болады. Ал өткен жылғы пияз 50 теңгеден босатылса, биылғысы 100 теңге.

