«Павлодар-Водоканалға» 4,5 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды
Олар қаламыздағы су беруші алпауыттың тұтынушылармен жасасқан келісімінде олқылықтар бар екендігі жөнінде өтініш келіп түсіп, департамент жоспардан тыс тексеріс өткізеді. Нәтижесінде, «Павлодар-Водоканал» ЖШС 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл 4 667 200 теңгені құрайды.
- Павлодар-Водоканал» ЖШС өз тұтынушысымен жасалған келісімінде, үлгілік шартқа сәйкес келмейтін сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуге арналған шартты жасасуда көрініс тапқан заң тармақшасының бұзылғаны анықталды. Жай сөзбен айтқанда, келісімнен, тұтынушылар құқығына қатысты бірқатар, міндеттемелер заңсыз алынып тасталған, - дейді ҚР ҰЭМ Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті заңгерлік бөлім басшысы Камила Байғажанова.
Алпауытқа үлгілік шартқа сәйкес келтіру арқылы табиғи монополиялар туралы заңнамаға қатысты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды. Ал айыппұл көлемін 10 күн ішінде өтеуге міндетті.
