«Сыбаға» бағдарламасы жұмыс жасайды ма?

Бұл ретте, Железин және Баянауыл аудандарындағы шаруа қожалықтары «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алып, асыл тұқымды шаруашылықты дамытпақ. Осы орайда тапсырыс бойынша облысымызға алғаш рет Ирландиядан төлдейтін төрт түлік әкелінді. 6 мың шақырым қашықтықты олар ауыр жүк көлігімен еңсерген.   

 

- 140 бас «Герефорд» тұқымды мал Баянауыл және Железин аудандарына әкелінді. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасымен 4 пайыздық мөлшерлемемен несие берілді. Бұл тұқым Ирландиядан әкелінді. Қазаққа өте жақын, себебі ақбас тегі осы «герефордтан» тарады деп айтсақ болады, - дейді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Айдос Жақыпов.

 

Ирландиялық сиырлар енді 21 күнге карантинде оқшауланады. Айту керек, шетелден әкелінген әрбір асыл тұқымды ірі қара малға 300 000 теңге көлемінде субсидиялық көмек те қарастырылған.