«Водоканал» мекемесінде не себепті кезектер пайда болуда?

Павлодарлықтар «Водоканалға» көрсеткіштерді телефон арқылы бере алмайтындарын айтып шағымдануда. Қоңырауға жауап бермейтіндіктен мекемеге келіп, кезекте ұзақ тұруға тура келеді дейді. Алпауыттардың айтуынша күндізгі уақытта операторлар адамдарды қабылдайтындықтан қоңырауға жауап беруге үлгермейді. Ал тұрғындарға кешкі 18.00-21.00-дейін еш кедергісіз хабарласып көрсеткіштерді беруге болады дейді. Сонымен қатар ватсап желісі арқылы да жіберуге болатынын еске салады. Кейбір қалалықтар соңғы айға келген үлкен төлемдерге шағымдануда.

 

- Мен бұдан бұрын суға 450 теңге төлейтінмін. Енді соңғы квитанциямда 2850 теңге келді. Не үшін төлеп тұрмын? Соны ұқпадым. Неге көп келіп тұр, - деді қала тұрғыны Еркеш Тайлақова.

 

«Водоканал» қаңтарда жаңа бағдарламалық жасақтама орнатқан. Қарыздар бойынша мәселе жүйеде іркіліс болғандықтан туындаған деп түсіндірді. 

 

- Наурыз айында адамдар ақпан түбіртектерін алғанда толығымен түзетілген болады. Сома қайта есептеледі. Қазіргі таңда адамдар көп жүгінгендіктен осындай кезек болып отыр, - деді Павлодар қаласы бірыңғай есептеу орталығының директоры Никита Ковалев.

 

Алпауыттардың айтуынша артық төлем тек көрсеткіштерді уақытында жібермейтін тұрғындарға есептелген. Мәселені шешу үшін оларға бұрынғысынша орташа есеппен төлеу қажет дейді. Ал осы айға келетін түбіртекте ешқандай қарыз болмайды.