• Басты бет
  • Экономика
  • «Жасампаз және жауапты мамандар керек!»: «Ирбис» телекомпаниясы бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

«Жасампаз және жауапты мамандар керек!»: «Ирбис» телекомпаниясы бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

"Ирбис" телекомпаниясы жаңалықтарды теледидардан көріп қана емес, ірі медиа жобаларды әзірлеп, жүзеге асыруға дайын мамандарды жұмысқа қабылдайды. Бұл өте сирек кездесетін жағдай, себебі, телеарна ұжымы бұрыннан қалыптасқан, қазір бір отбасы іспеттес.

 

- «Ирбис» телекомпаниясы нарықта 20 жылдан артық жұмыс жасауда. Біздің тату ұжымға шығармашыл, креативке толы, ұйымшыл адамдар қажет. Телеарна саласына өз үлесін қосқысы келетін азаматтарды күтеміз,-дейді «Ирбис» телекомпаниясы кадр бөлімінің инспекторы Асия Акишпаева.

 

Жәрмеңкеге 150-ден астам қала тұрғындары, сәйкесінше 40-тан астам жұмыс беруші қатысты. Олардың арасында тәжірибесі бар азаматтардан бөлек, жастар да бар. Барлығы белсенді. Сонымен қатар, бүгін мемлекеттік қызметке қалай орналасу, ол үшін не істеу керектігі жайлы да айтылды.

 

- Көбінесе өнеркәсіптегі және мұғалім мамандықтары сұранысқа ие. Көбі мемлекеттік қызметке қалай тұру керек екенінен хабарсыз, тестілеуден қалай өту керектігін білмейтіндіктен мұнда мекемелер бар сол сұрақтарға жауап беретін,-деп жеткізді Neet санатындағы жастармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Жандарбек Қабдраш.

 

Ал «Ирбис» телекомпаниясы талаптарға сәйкес азаматтарды жұмыспен қамтуға дайын. Басты шарт, жұмыс жасаймын деген ынта.