«Қан тапсырып өзгелерге өмір сыйла!»

Бірінен соң бірі тіркеуден өтіп кезекке тұруда. Өзгелері ұжымымен бірге келіп, қан тапсырып жатыр. 

 

- Біздегі кей қызметкерлердің қан тобы сирек кездесетіндіктен қан орталығы оларды аса қажет болған кезде шақырып отырады. Мамандарымыз да қол ұшын беруге қашанда әзір, - дейді АҚ қызметкері Зере Баженеева.

 

Пандемия салдарынан келушілер саны азайғаны белгілі. Бірақ қазір жағдай оңалып келеді дейді мамандар. Еріктілер де қарап қалмай қала аумағында ақпараттық жұмыс жүргізіп жүр.   

 

- Осы шараның ішінде жаңағы тұрақты донорларды біз марапаттаймыз қан орталығымен бірге және де «Қызыл-ай» қоғамының еріктілері көшеде үлкен ақпараттық жұмыстаржүргізіп жатыр, - деді «Қызыл-Ай» ҚҚ басшысы Гүлнар Исаканова. 

 

 

- Жыл сайын 10 мыңнан аса донор бізге келіп тұрады. Оның ішінде жиі-жиі келетін біздің сенімді, салмақты донорларымыз бар. Солармен бірге біз өзіміздің саясатымызды келешегімізді салыстырып бірге жүреміз, - деді Павлодар облыстық қан орталығының директоры Советхан Смаков.

 

Қан орталығына ай сайын 1000-1500 адам келеді. Мамандар қала, аудандармен, ірі кәсіпорындармен тығыз байланыста екенін жеткізді.