• Басты бет
  • Экономика
  • «Қазақстан алюминийі» АҚ қарамағында еңбектенетін 50 өндіріс озаты құрмет тақтасына енгізілді

«Қазақстан алюминийі» АҚ қарамағында еңбектенетін 50 өндіріс озаты құрмет тақтасына енгізілді


Құрмет тақтасын ашу салтанаты «Қазақстан алюминийі» АҚ қызметкерлері үшін қашанда толқитын сәт. Бұл жерге өндіріс ошағының даумына өз үлесін қосқан, топжарған азаматтар жиналған. Оларды үздіктер қатарына қосқан әріптестері, сол себепті құрмет екі есе қымбат. Еңбектері еленген мамандардың фото суреттері кәсіпорын алдындағы тақтаға орнатылады. Металлургия өндіріс ошағындағы мықтыларды осылай дәріптеу, кәсіби мереке аясындағы көпжылдық дәстүр.

 -Олардың есімдерін кәсіпорында жақсы біледі. Ардагерлерден бастап жастарға дейінгі, барлық буын өкілдері, түрлі кәсіп иелері бар. Барлығын да өз ісіне деген сүйіспеншілік, жоғары кәсібилік біріктіреді. Құрмет тақтасының ашылуы, тарихи сәт, үлкен мәртебе, әрі біліктілігінің артуы,-деп мәлім етті кәсіпорын басшылығы.

 Құрмет тақтасындағы өз суретін тамашалап, еңбегі еленгендердің қатарында- Евгений Кончиков бар. Кәсіпорында 7 жыл қызмет етіп, бұндай мәртебеге алғашқы рет қол жеткізуде. Ер адам әктасты ұсақтау және сұрыптау учаскесінде ауысым шебері болып жұмыс істейді. Көп жылдық қызметінде өзін тек жақсы қырынан таныта білген.

 -Үлкен мәртебе, өте керемет әсердемін. Өзім де, отбасым да қуаныштымыз. Басында, құрмет тақтасына кіресің дегенде, аса мән бермегенмін, жарайды деп. Ал қазір бұның шынымен де, мәртебелі екендігін түсіндім. 7 жыл бойы жұмыс істеп, көптеген жетістіктерге жеттім. Тіпті, басшының міндетін атқарушы лауазымын да ұсынуда. Мансаптың жаңа белестерін бағындырып жатырмын. Бұл өте қуантады,-деді «Қазақстан алюминийі» АҚ «Керегетас» кеніші әктасты ұсақтау және сұрыптау учаскесінде ауысым шебері Евгений Кончиков.

 Өндірістің 50 озаты, жыл бойы жалақысына қосымша төлем алады. Ал құрмет тақтасындағы фото суреттері, кәсіпорындағы өзге әріптестері үшін еңбектенуге жігер бермек.