«Қоғамдық тамақтану орындарының жағдайы қазір өте күрделі»
Республикалық қауымдастық төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісованың айтуынша пандемия мейрамханалар мен өзге мекемелердің жұмысын күрт өзгерткен. Кейбірі ғимараттарын мүлдем басқа салаға жабдықтаған.
- Қазіргі жағдай өте күрделі десек қателеспейміз. Пандемия кезінде, яғни 1,5 жылдың көлемінде тек 3 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл жеткізу қызметі, екіншісі асханалар және кофеханалар. Ал нарықтық құрылымның 60 пайызын құрайтын мекемелерде орташа чек көлемі айтарлықтай төмендеген, - дейді Қазақстан Республикасы қоғамдық тамақтандыру қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова.
Яғни, індетке дейінгі орташа төлем 12-15 мың тенге болса, қазір 3-3,5 мың теңге. Жығылғанға жалдау ақысы мен азық-түліктің қымбаттауы жұдырық болған. Бұл ретте, сарапшы қымбатшылықтың сапаға әсер етпейтінін айтты.
- Азық-түлік тауарлары бағаларының өсу тамақ сапасына әсер етпейді. Тек тағам бағасының өсуіне әкеледі. Бүгінде Павлодар облысы сапалық тұрғыда өте жақсы деңгейде, - деп атап өтті Қазақстан Республикасы қоғамдық тамақтандыру қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова.
Бүгінде қоғамдық тамақтану орындары ашық қосымшасы арқылы жұмыс жүргізуде. Ол арқылы түнгі 02:00-ге дейін келушілерді қабылдауға мүмкіндік бар. Әйткенмен, бұл бағытты дөңгелете алмаған алақол кәсіпкерлерде жоқ емес.
Авторы: Бекбол Мырзахан