Қаладағы барлық дүкендерде әлеуметтік бұрыштар ашылады

«Бір қолға 3 кг қант, 30 дана жұмыртқа». Осындай хабарландыруды қаламыздың ірі сауда желілерінен кездестіруге болады. Қазіргі таңда өңірде жағдай тұрақты. Бұрынғыдай жаппай сатып алу, немесе бағаның шарықтауы жоқ. Дегенмен алып сатарлар табылып жатады дейді басқармада. Бұған жол бермеу мақсатында аталмыш шара қолға алынған. Ал тұрақтандыру қорынан аса маңызды өнім түрлері күнделікті жеткізілуде.

- Бүгінде 10 түрі бар. Олар: қант, ұн, бірінші санатты жұмыртқа, қарақұмық, тұз сынды әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатылуда және әлеуметтік бұрыштар ұйымдастырылған. Жергілікті әкімшілік өз құзіретінде күнделікті мониторинг жүргізіп отырады, - деді «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы» ММ  бөлімінің жетекшісі Нұрлыбек Әбдірахманов.  

Бұдан бөлек наурыз айының соңына дейін қаладағы барлық дүкендерде әлеуметтік бұрыштар ашылмақ. Онда халық арасында күнделікті сұранысқа ие  азық-түлік тауарлары қол жетімді бағамен сатылымға қойылады.  Қазір қаланың 7 шағынауданы қамтылған. Әлеуметтік дүкендер саны – 77.

- Қала тұрғындары  себепсізден себепсіз әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге бағалар көтерілген жағдайда WhatsApp желісіне хабарласып, біздің бөлім мамандары шұғыл түрде барып мән-жайды біліп, себепсіз көтерген фактілер анықталған болса, біз антимонополияға, құзірші органдарға тиісті хат жіберіп жататын жайымыз бар, - деді  Нұрлыбек Әбдірахманов.

Басқарманың мәліметінше көкөністер бағасы да қатаң бақылауда. Мәселен картоп пен сәбіздің 1 киллограмы 90 теңгеден сатылымда. Онда «Әлеуметтік баға» деп жазылған. Алайда бөлім мен кәсіпкерлер арасындағы меморандумның мерзімі мамыр айында аяқталады.