Қарттар күніне орай қазынадан қаражат бөлінуде

- Ең төмен зейнетақы көлемі  40 441 теңгені құрайды. Сонымен қатар 80 жастан асқандарға, 2,9 есептік көрсеткіш көлемінде, яғни зейнетақы алатындарға 8 056 теңге төлемақы қарастырылған, - деді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузьменкова.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Қайырымдылық» науқаны басталып, қазанның 25-не дейін жалғасын табады. Бұл ретте, қарттарға, өзге мұқтаждарға қаржылай немесе өзге тәсілдермен көмек көрсеткісі келген жанашырлар үшін есік ашық, олар Кривенко, 25 мекенжайы бойынша  жүгіне алады.