• Басты бет
  • Экономика
  • "Қазақстан алюминийі" АҚ өндірісінің 50 озат қызметкерінің портреті «Құрмет тақтасын» жаңартты

"Қазақстан алюминийі" АҚ өндірісінің 50 озат қызметкерінің портреті «Құрмет тақтасын» жаңартты

 

 

Құрмет тақтасының ашылу сәті "Қазақстан алюминийі" АҚ қызметкерлері үшін елеулі оқиға. Мұнда өндірістің гүлденуіне үлес қосқан алдыңғы қатардағылар жиналды. Ерекше еңбек үшін алғыс ретінде олардың портреттері жыл бойы зауыт алдындағы алаңда тұрады. Жетекші кәсіпорында кәсіби мерекеге орай үздік қызметкерлерге құрмет көрсету – көпжылдық дәстүрге айналған.

 

- Жеңіл металлдың өзі іс жүзінде өте күрделі жұмыстың бөлшегі. Таудан бастап, жөндеушілер, қаржыгерлер, барлығы, бұл жұмысқа қатысты мамандық. Біз соңында қажетті металлды аламыз, ол біздің өнеркәсіпті ілгерілетеді,-деді «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директоры Владимир Красноярский.

 

Өз суретін құрмет тақтасынан мақтанышпен көретіндер арасында Данияр Мыңбаев та бар. Кәсіпорында 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Сол кезден бері аппаратшы-гидрометаллург қызметін атқарады.

 

- Осындай марапат алғаным үшін көп ризамын. Алғысымды білдіремін. Енді тек одан да көп күш салып, жұмыс атқаратын боламыз,-деді «Қазақстан алюминийі» АҚ жентектеу цехының аппаратшы-гидрометаллургі Данияр Мыңбаев.

 

Барлық 50 озық қызметкер жыл бойы жалақыға қосымша төлем алады. Ал олардың құрмет тақтасындағы суреттері әріптестерін үлкен нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады.