• Басты бет
  • Экономика
  • Қазақстан электролиз зауыты Наурызға орай қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстады

Қазақстан электролиз зауыты Наурызға орай қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстады

 

 

 

 

Қаланың ең жақсы аудандарының біріндегі жылы, ыңғайлы көлік қозғалысы бар он қабатты үй көптің арманы. Оны "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ жүзеге асырды. Салтанатты түрде кілттерді табыстау рәсімінде жайлы өмір сүру үшін маңайда мектептер, балабақшалар, ауруханалар, дүкендердің бәрі бар екенін атап өтті.

 

-Біздің қызметкерлер, бұл біздің байлығымыз, бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында және "Отбасы банкі" әлеуметтік бағдарламасы бойынша қызметкерлерімізге елу пәтердің кілті табысталды, тағы да 20 пәтер болады,-дейді «Қазақстан электролиз зауыты АҚ бас директоры Андрей Батраченко.

 

"ҚЭЗ" АҚ қызметкерлері пәтерді "Отбасы банк" акционерлік қоғамы ERG үшін арнайы әзірлеген бастапқы жарнасыз бірегей бағдарлама — жалдау-жинақтау механизмі бойынша алды. Бақытты қоныстанушылар қатарында Мөлдір Абжанова мен Бауыржан Дерменов бар. Олар "Қазақстан электролиз зауытында" кездескен. Енді өз жайлы ұясы бар жас отбасы.

 

-Бұл біздің арманымыз еді, зауыттың арқасында біз үйлі болдық, өте қуаныштымыз, алғашқы пәтеріміз, былайша айтқанда, өте ризамыз, қуаныштымыз, бәрі зауыттың арқасында. Бізде жастарға қолдау көрсетеді,-дейді «ҚЭЗ» АҚ қызметкерлері Мөлдір Абжанова мен Бауыржан Дерменов.

 

Айта кетейік, соңғы екі жылда Отбасы банкі арқылы Еуразиялық топ қызметкерлеріне 485 пәтер сатылып, олардың 79-ы Қазақстандық электролиз зауытының Металлургтер отбасыларына берілді. Кәсіпорында Әлеуметтік сала басымдыққа ие екенін атап өтті.