• Басты бет
  • Экономика
  • Қазақстан электролиз зауытында колледж студенттеріне ашық есік күні ұйымдастырылды

Қазақстан электролиз зауытында колледж студенттеріне ашық есік күні ұйымдастырылды

 

 

Болашақ металлургтерді қызметкерлер жылы қарсы алды. Жастар Кеңесі үлкен сапарға аттанбас бұрын ойын өткізді. Ал музейде қонақтарға Қазақстан электролиз зауытының тарихы айтылды. Кең далада тек Қазақстанда ғана емес, әлемде де ірі кәсіпорындардың бірі салынатын өнеркәсіпті негізі қалай қаланғаны жіті баяндалды.

 

-Бәрі керемет. Алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қауіпсіздік техникасының өзі қайда жатыр. Бәрі белсенді. Анод өндірісі қатты ұнады. Төртінші курста тәжірибеге жібереді, мен осы жерге келетін секілдімін. Тіпті реми түрде жұмыс істегім де келеді,-деді түсті металлургия жоғары колледжінің студенті Ерсін Сарсен.

 

Зауыттың ең басты байлығы — қызметкерлер, бұл экскурсия барысында атап өтілді. Сәйкесінше, Қазақстан электролиз зауытында ең тиімді әлеуметтік жеңілдіктер мен еңбек жағдайлары қарастырылған. Осы орайда студенттер түрлі цехтардың жұмысымен жақын таныса алды. Болашақ металлургтер көп нәрсені де біліп үлгерді. Атап айтқанда, электролизбен алюминий жасау процесі көпке ұнаған тәрізді.

 

Альбина Касенова - металлург болуға бел буған санаулы бұрымдылардың бірі. Ол Қазақстан электролиз зауытына келіп, өз таңдауының дұрыстығына көз жеткізді. Қызметкерлер үшін ыңғайлы жұмыс үшін барлық жағдайлар жасалған.

 

-Бүгінгі экскурсияда мұнда қыздарға да жұмыс істеуге болатынын түсіндім, маған қиын емес. Белсенді болуға, спортпен шұғылдануға, дамуға да мүмкіндік бар. Өндірісте біз алюминийді қалай жасайтынын өз көзімізбен көрдік, оның қалай алынатыны, қандай шаралардан өтетіні өте қызықты. Цехтардың жұмысы тіптен өзгеше,-деді Альбина Касенова.

 

Айта кету керек, ашық есік күндері алдағы уақытта тағы ұйымдастырылмақ. Қазақстан электролиз зауыты жас мамандарды әрқашан құшақ жая қарсы алады. Тәжірибелі қызметкерлер әрдайым зауыттың тыныс тіршілігіне етене үйреніп кетуге көмектесуге дайын.