• Басты бет
  • Экономика
  • Қазақстан электролиз зауытының қызметкерлері Торайғыров университетінің студенттерімен кездесті

Қазақстан электролиз зауытының қызметкерлері Торайғыров университетінің студенттерімен кездесті

 

 

 

Бүгін жоғары оқу орны үшін ерекше күн. Себебі, студентерге ең ірі кәсіпорында жұмыс істеудің артықшылықтары туралы айтып беретін нағыз шебер мамандар конаққа келді. Қазақстан электролиз зауытының қызметкерлері шығармашылық презентациялар мен викториналар дайындаған. Сондай-ақ, сұранысқа ие мамандықтар туралы қызықты және пайдалы диалог болды.

 

- Қазіргі уақытта мамандықтың беделі өте жоғары, мамандардың көпшілігі біздің облысымыз үшін жақсы жалақы алады, мен лайықты жалақы деп санаймын, толық әлеуметтік пакет бар, бізге үнемі түлектер келеді және көбінде кәсіпорында жұмыс істеуге қалады,-деді «ҚЭЗ» АҚ Алюминий электролиз сериясы корпусының бастығы Александр Стахив.

 

Студенттердің басым бөлігі қазірдің өзінде Қазақстан электролиз зауытының болашағы зор екенін біледі. Кәсіпорын жоғары жалақы, мансап, кәсіби өсуден өзге әлеуметтік кепілдіктерді де ұсынады.

 

- Осындай бүгін ERG компаниясымен өткізілген шаралар өте маңызды біздің университетіміз үшін. Осындай кездесулер кезінде студенттер өздері осындай ірі компаниялардың өкілдерінен өздеріне қажетті сұрақтарға жауап алады,-дейді Toraighyrov University Foundation факультетінің деканы Сәуле Кісенбаева.

 

Кәсіпорын мамандары Қазақстан электролиз зауытында өздерін мысалға ала отыра қалай дамуға болатынын айтты. Олардың барлығы өнідірсте еңбек жолын бастап бүгінгі күнге дейін жалғастыруда. Бұл ретте, білікті шеберлер мамандық таңдауда қателеспегендерін айтып ағынан жарылды.