• Басты бет
  • Экономика
  • Қазақстанда 10-шы рет Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі өтті

Қазақстанда 10-шы рет Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі өтті

Бірнеше жылдың ішінде ғана Қазақстандағы сауда күрт өзгерді. Көлеңкелі айналымның орнына – ашық сату. Базарлар мен бөліп төлеу кезінде жиналатын топтың орнын, тегін жеткізу арқылы онлайн сатып алу басты. Бұл өзгерістің негізгі жетекшісі – біздің тиімді сауда туралы көзқарасымызды түбегейлі өзгерткен Kaspi Жұма бүкілхалықтық сатып алу мерекесі болды.

 

- Жалпы үлкен рахмет Kaspi-ге. Неге десеңіз Kaspi Жұма бізге көп ыңғайлы. Себебі бұл жерде адамдарда бөліп төлеуге мүмкіндігі болады. Ай сайын, мысалы әр жұма сайын, айына 2 жұма болып тұрса, ол да ыңғайлы. Kaspi Жұманы адамдар өте қатты күтеді. Kaspi Жұмаға дейінгі күндерде сауда бірыңғай болып өтеді. Kaspi Жұма күні саудамыз 1,5 есе ,2 есе көбейіп кетеді. Кәдімгідей ол байқалады. Kaspi Жұманы біздер де күтеміз,-деді Ербол Айболатов, «Zaruli Qazaqstan» ЖК директоры.

 

-Қасымдағы құрбыларым Kaspi Жұма туралы көптеген ақпараттарды маған айтып берді. Олар Kaspi Жұманы екінші жыл қолданып келе жатыр. Өзім осы жылы бірінші рет қолданып жатырмын. Өте ыңғайлы, 2 жылға немесе 1 жылға бөліп төлейсің. Менің ойымша Kaspi Жұма төрт мезгілде  болса өте тиімді,-Диана Әубәкір, Mon Amie дүкенінен сатып алушы.

 

Онлайн сауданың өсуінің арқасында жеткізу саласы да табысты дамып келеді.

 

-Бізде жәй күні 7 мың, 8 мың көлемде тапсырыс болса Kaspi Жұма кезінде ол екі есеге көбейеді. 13,14 мың, 16 мыңға дейін баруы мүмкін. Уақтылы жеткізу үшін біз барлық күшті саламыз Kaspi Жұма кезінде. Kaspi Жұманың бізге тиімділігі - тапсырыстар көп болады. Тапсырыс көбейген себепті ақшамыз да көбейеді,-деді Қайрат Мұқан, «Ирбис» жеткізу қызметінің басшысы.

 

Ақпанның суық күндері қазақстандықтар үйден шықпай-ақ затты тиімді  сатып алу мүмкіндігіне ерекше қуануда.

 

-Мен осы Kaspi Жұмада осы тоңазытқышты заказать еттім. Ол өте тиімді болды мен үшін. Себебі 260 мың теңге әркімнің қолында болмайды. Сол үшін мен мұны Kaspi Жұмада алдым. Әр сайын ай сайын 10 мыңға төлеп отырамын. Мен үшін ол өте жақсы, әрі тиімді,-деді Айым Нұрахметқалиева, «Технодом» дүкенінен сатып алушы.

 

Kaspi.kz сонымен қатар бірнеше мың Kaspi Postomat-тан құралған тұтас желісін қалыптастырды. Тіпті шағын елді мекен тұрғыны да де тапсырыс беріп, сатып алған затын өзіне ыңғайлы уақытта ала алады.

 

-Мен бәрін алып жатырмын Kaspi Жұма арқылы. Бәрін ақырындап, ақырындап, шетінен.

Мысалы 200 мыңға аласың затты, оны 24 айға кішкене ақшасы аз шығады да білінбейді. Алған затың қолдана бересің де, ақшасын шетінен төлей бересің. Кеше түстен кейін заявка бергем. Бүгін 24 сағаттың ішінде міне алып отырмын. Блендер алғам. Рахмет, тез. Kaspi Postomat ыңғайлы, өте жақсы,-деді Серік Касенов, сатып алушы.

 

Қолма-қол ақшасыз айналым неғұрлым көп болса, экономика соғұрлым ашық болады. Бюджетке түсетін салық түсімдері артып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал сатып алушылар артық төлемсіз және отбасылық бюджетке салмақ түсірмей тиімді зат сатып алу үшін әр Kaspi Жұманы күтеді.