Қазақстандағы бизнес-депозиттердің көлемі артқан

2020 жылдың қорытындысы бойынша бизнес-салымдарды өсіру бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) алғашқы үштікке енді. Ол жыл ішінде бұл көрсеткішті 2,3 есеге арттырды. Бұл тарапта заңды тұлғалардың салымдары ВТБ депозиттік портфелінің 80%-дан астамын құрайды.

 

- Бірінші кезекте біздің клиенттеріміз Standard and Poor' s агенттігі ВТБ-ға берген «Тұрақты» болжамымен «BB+/B» жоғары кредиттік рейтингсіне бағдарланады. Бұл қаржы институтының жоғары сенімділігін көрсететін қазақстандық банктердің арасындағы басты көрсеткіштердің бірі, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.

 

Кредиттік рейтингілерді халықаралық тәуелсіз агенттіктер береді.  Бұл Банктің клиенттер алдындағы өз міндеттемелері бойынша қаншалықты жауап бере алатындығын көрсетеді. Ең сенімді банктердің кредиттік рейтингілері «С» санатынан жоғары. Егер ол төмен болса, мысалы, «D» – бұл Банктің күрделі мәселелері бар екенін білдіреді».

 

- Біз бүгін Бизнестің басымдықтарды өзгерткенін көріп отырмыз. Енді салымды орналастыру үшін банкті таңдағанда, кәсіпкерлер алдымен оның тұрақтылығына, содан кейін депозит кірісіне назар аударады. Пандемияға дейін керісінше болды. Қазір бизнес үшін оның қаржысы қауіпсіз екендігіне кепілдік беру өте маңызды, - деді Дмитрий Забелло.

 

Егер жеке тұлғалар қазіргі таңда жай ғана ең жоғары мөлшерлеме ұсынатын банктерге басымдық берсе, бизнес бірінші кезекте оның сенімділігін бағалайды. Себебі азаматтардың ағымдағы шоттары мен депозиттеріне салымдарды сақтандырудың мемлекеттік жүйесі қолданылады. Және егер қаржы мекемесі банкрот болса, мемлекет салымшыларға олардың ақшасын белгіленген лимиттер шегінде қайтаруға міндеттенеді. Ал бизнес салымдарын мемлекет сақтандырмайды. Сондықтан кәсіпкерлер бұл мәселеге ерекше мән беріп қарайды.

 

- 2020 жылғы рейтингтен басқа бизнес-клиенттер банкте интернет пен мобильді банкингтің болуына ерекше назар аудара бастады. Бұл бірінші локдаун кезінде ерекше өзектілікке ие болды және әлі трендте. Біздің сарапшыларымыздың болжамы бойынша, бұдан әрі қашықтықтан қызмет көрсету қажеттілігі тек арта түседі. Осы себепті көптеген банктер, соның ішінде Банк ВТБ (Қазақстан) қазір бизнеске арналған онлайн сервистерді белсенді түрде дамытып, жетілдіріп жатыр, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) корпоративтік бизнес сатулар бойынша директоры Данияр Қайырленов.

 

Нақтырақ айтқанда бизнес депозит салу үшін кәсіпкер ең алдымен қаржы институтының жоғары кредиттік рейтингісіне мән береді. Және қашықтықтан қызмет алу аңғайлылығы да басты назарда.