Қияр мен қызанақ тұқымына субсидия төленетін болды
-Өсімдік шаруашылығы бойынша өзгерістер ережелері қызанақ пен қияр тұқымын алуға қатысты. Аталмыш өнімдерді сатып алатын жылыжай қожалықтарын субсидиялайтын боламыз. Мүмкін, далалық жағдайда егумен айналысатын шаруа қожалықтарына да демеу көрсетіледі. Өндірушілер 20 га қияр, 300 га жуық қызанақ отырғызды,- деп баяндады Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Есентай Мүрсәлімов.
Қияр мен қызанақ тұқымын субсидиялау кезінде дақылдардың алмасуы екіден аспауы тиіс. Бірінші кезең 1 қаңтардан- 15 маусымға дейін, екіншісі 1 қыркүйектен -30 қарашаға дейін. Дақыл айналымы мерзімінен тек 15 күнге ауытқуға рұқсат. Бұдан бөлек, шаруа қожалықтарының ұсыныстары да ескерілді.