Қиярдың бағасы 900 теңгені құрады

Күні кеше халықты қиярдың бағасы алаңдатқан еді. Ол 1100-ден 2500-ге дейін өскен. Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары Асайын Байханов дереу комиссия тобын ұйымдастырды. Нәтижесінде делдалдарды жою мақсатында облыстағы ауылшаруашылық тауар өндірушілері, сауда желісі мен облыс әкімдігі арасында Меморандумға қол қойылды. Құжат негізінде көкөністердің бағасы 20 пайызға дейін төмендейді.

 

- Әлеуметтік дүкендерге, сонымен қатар басқа да сауда желілеріне картоп, пияз, сәбіз бағаларын тұрақтандыру бойынша тікелей жеткізілімдер жүргізілуде. Оның бағасы 90 теңге шамасында. Кейбір дүкендерде одан да төмен. Қияр, қызанақ бағасы бойынша жұмыстар жалғасуда. Қазір Ақсу және Екібастұз жылыжайларымен келісімшарт жасалды. Қиярдың бағасы 900-1000 теңге шамасында тұрақтанды, - деді Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Самат Жанқалов.

 

Ірі сауда желілерінде картоп пен пияздың бағасы 74 теңгеге, орамжапырақ 88, сәбіз 61 теңгеге дейін арзандады. Бұдан бөлек өңірлік құс фабрикасынан жеткізілетін жұмыртқа 330 теңгеден, ал нан 70 теңгеден сатылуда. Жауапты мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше бүгінде азық-түліктің 10 түрі бойынша тұрақтандыру қоры жинақталған. Өтінімдердің түсуіне байланысты тауарлар жеткізілуде. Комиссия тобының жұмысы әрі қарай жалғаса бермек.