Қолжетімді ипотека енді Павлодарда

Жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс қазақстандықтарды үрейлендіреді. Былтырғы толқыннан кейін тыныштық орнады. Сатып алушылар болмағандықтан көбісі пәтерлерін сата алмауда. Тұрғын үй нарығындағы жағдай туралы “Ipoteka Group” сарапшылары мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлікті сатуда іркіліс бар. Дағдарыс қазақстандықтардың баға төмендеуін күтіп, баспана алуға асықпауымен байланысты. Сонымен қатар, демалыс маусымының да әсері бар. Алайда, мамандар жақын арада жағдай күрт өзгереді деп есептейді.

- Негізінен жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрған «Бақытты отбасы» бағдарламасында 3000 отбасы болады. Сонымен қатар әскери қызметкерлерге арналған «Әскери баспана» бағдарламасы, әйелдерге арналаған «Ұмай» бағдарламасы күтілуде. Бұл бір уақытта 10-15 мың отбасы, қыркүйек-тамыз айларында жылжымайтын мүлікке сұраныс артады, - деді «Ipoteka Group” компаниясының негізін қалаушы Мерей Алимбаев.

Осылайша мамандар нарықтағы пәтер тапшылығын болжауда. Жаңа салынып жатқандарында шаршы метр «7-20-25»-пен үлкен сұранысқа ие. «Ипотека групп» компаниясы кез келген бағдарламамен тұрғын үй сатып алуға көмектеседі. Жеке қызметтер көрсетіледі, тегін кеңес беру кезінде мамандар әр клиент үшін ең тиімді несие шарттарын таңдайды.

- Біз кез келген бастапқа жарнамен, кез келген несие тарихымен және кез келген кіріспен халықтың әр түрлі топтары үшін ипотеканы ұйымдастыруға көмектесуге маманданғанбыз. Біз басынан және кілтке қол жеткізгенге дейін сізді сүйемелдей аламыз, - деп мәлімеді Мерей Алимбаев.

Екі жылда «Ипотека групп» 3500-ден астам отбасының баспанаға ие болуына көмек көрсетті. Республиканың жеті қаласында компанияның 12 филиалы бар. Павлодардағы кеңсе Сәтбаев, 71 мекенжайында орналасқан «Қазақстан» бизнес орталығында.