ҚР ДСМ зейнетақы жинағының бір бөлігін емге пайдалануға рұқсат берді

- Бұл яғни орфандық аурулар, стоматология қызметтері, одан басқа пластикалық ауруларға қажетті өзінің жинақтарын қолдана алады. Бүгінгі таңда осы емханалардың ішінде құралған комиссия құрамы арқылы осы зейнетақыны пайдалануға бағытталған комиссия шешімімен біздің азаматтар  ала алады. Қазіргі таңда осы жұмыстар әзірге жүргізіліп жатыр, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

 

Оның ішінде радионуклидтік және радиойодтерапия, радиохирургиялық емдеу, протон терапиясы, офтальмологиялық қызметтер де бар. Аталмыш тізбе халықтың қажеттілігін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін. Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш беруші электрондық үкіметке немесе БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы өз бетінше алуы қажет.