Қырылған құс үшін 35 млн теңге өтемақы төленді

-Бүгінде оның 40 пайызы төленді. Қыркүйек айында төлем алмаған адамдардың құжаттарында қате шыққан. Оларды түзеп,  қайта жібердік. Енді қараша айында төленеді. Республикадан бұл мақсатқа қарастырылған ақша бар, - деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы  басшысының орынбасары Мұрат Апсаликов.

 

Павлодар облысында өлген әр қаз үшін 6,5 мың, ет беретін тауық үшін 2029 теңге, аналық табынға жататын жұмыртқа тұқымды тауық үшін 1187, күрке тауыққа 5000 және мысыр тауығы үшін 3516 теңге өтемақы берілді. Екінші төлемнің бағасы қарашаның 15-і өтетін комиссия отырысынан соң белгілі болады. Бүгінде аудан әкімдіктерімен карантинді алып тастау қарастырылып жатыр