Әділет департаменті контрафактілік сөмкелерді жоюда

Америкалық танымал брендтің құқық иесі осыдан бір жыл бұрын әділет департаментіне аймағымызда аталмыш компания атын жамылып, тауарларын сатып жатқан нүктелер бар деген  шағыммен жүгінген екен. Тексеріс барысында контрафактілік сөмкелерді саудалаған жеке кәсіпкер анықталды.

 

- Жеке кәсіпкердің айтуы бойынша сөмкелер Алматы қаласынан сатып алынған. Алайда, қай нарықтан екенін жазбады. Қай елден әкелінгені, қай жерде жасалғаны айтылмады, - дейді Павлодар облысы әділет департаментінің бөлім басшысы Дамир Мергалимов.

 

Жалпы 57 контрафактілік сөмке тәркіленген екен. Заңсыз тауардың құны – 600 мың теңгеден асады.Аталмыш дерек бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық жайлы кодекстің 158-бабы бойынша хаттама толтырылды. Оған сәйкес айыпталушы 30 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі керек. Соттың шешімімен заңсыз тауарды жоюда. Өзге балама әдістер жоқ дейді әділет департаментінде. Мамандардың айтуынша, құқық иесіне келтірілген зиян 2000 АЕК асқан жағдайда, қылмыстық іс ашылады.